ТЕСТ-Қозғалысқа байланысты мәселе есептер
Тестті бастау үшін форманы толтырыңыз
1. Екі жаяу жүргінші бір пункттен бір уақытта қарама-қарсы бағытта жолға шықты. Біріншісінің жылдамдығы 6 км/сағ, ал екіншісінікі 8 км/сағ. 5 сағаттан кейін екеуінің арасы неше километр болады?
2. Арақашықтығы 60 км болатын екі ауылдан бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі жаяу жүргінші жолға шықты. Біріншісінің жылдамдығы 3 км/сағ, ал екіншісінікі 7 км/сағ. 2 сағаттан кейін екеуінің арасы неше километр болады?
3. Велосипедші мен мотоциклші бір пункттен бір уақытқа бір бағытта жолға шықты. Мотоциклшінің жылдамдығы 50 км/сағ, ал велосипедшінің жылдамдығы 30 км/сағ. Неше сағатттан кейін екеуінің арасы 80 км болады?
4. Жолаушылар пойызының жылдамдығы 40 км/сағ, ал жүрдек пойызының жылдамдығы 60 км/сағ. Екі қаланың арасын жүрдек пойыз жолаушылар пойызына қарағанда 4 сағат 30 минутқа тезірек жүріп өтеді. Екі қаланың арақашықтығын табыңыз.
5. Бірінші машинаның жылдамдығы екінші машинаның жылдамдығынан 10км/сағ-қа артық. Бірінші машина 560 км жолға екінші машинаға қарағанда 1 сағат аз уақыт жұмсайды. Бірінші машинаның жылдамдығын табыңыз.
6. Автокөлік 120 км жолды 60 км/сағ жылдамдықпен, содан кейінгі 120 км жолды 80 км/сағ жылдамдықпе, ал соңғы 150 км жолды 100 км/сағ жылдамдығымен жүріп өтті. Автокөліктің барлық жолдағы орташа жылдамдығын табыңыз.
7. Моторлы қайықтың жылдамдығы 20 км/сағ, ал ағыстың жылдамдығы 2 км/сағ. 7.Моторлы қайық ағысқа қарсы 90 км қашықтықты неше уақытта жүзетінін анықтаңыз.
8. Меншікті жылдамдығы 15 км/сағ-қа тең катер, ағыс бойымен 2 сағат, ағысқа қарсы 3 сағат жүзді. Егер ағыс жылдамдығы 2 км/сағ болса, катердің қанша км қашықтықты жүзгенін анықтаңыз.
9. Екі пункттің арақашықтығы 24 км. Моторлы қайықтың меншікті жылдамдығы 10 км/сағ, ал өзен ағысының жылдамдығы 2 км/сағ. Моторлы қайық бірінші пункттен екінші пунктке барып қайтуына неше уақыт жұмсайтынын анықтаңыз.
10. Қайық ағыспен 4 сағат және ағысқа қарсы 3 сағат барлығы 44 км қашықтықты жүзіп өтті. Ағыстың жылдамдығы 2 км/сағ болса, қайықтың меншікті жылдамдығын табыңыз.
Дұрыс жауаптары:

1. Екі жаяу жүргінші бір пункттен бір уақытта қарама-қарсы бағытта жолға шықты. Біріншісінің жылдамдығы 6 км/сағ, ал екіншісінікі 8 км/сағ. 5 сағаттан кейін екеуінің арасы неше километр болады?
C) 70 км

2. Арақашықтығы 60 км болатын екі ауылдан бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі жаяу жүргінші жолға шықты. Біріншісінің жылдамдығы 3 км/сағ, ал екіншісінікі 7 км/сағ. 2 сағаттан кейін екеуінің арасы неше километр болады?
A) 40 км

3. Велосипедші мен мотоциклші бір пункттен бір уақытқа бір бағытта жолға шықты. Мотоциклшінің жылдамдығы 50 км/сағ, ал велосипедшінің жылдамдығы 30 км/сағ. Неше сағатттан кейін екеуінің арасы 80 км болады?
D) 4 сағ


4. Жолаушылар пойызының жылдамдығы 40 км/сағ, ал жүрдек пойызының жылдамдығы 60 км/сағ. Екі қаланың арасын жүрдек пойыз жолаушылар пойызына қарағанда 4 сағат 30 минутқа тезірек жүріп өтеді. Екі қаланың арақашықтығын табыңыз.
B) 540 км


5. Бірінші машинаның жылдамдығы екінші машинаның жылдамдығынан 10км/сағ-қа артық. Бірінші машина 560 км жолға екінші машинаға қарағанда 1 сағат аз уақыт жұмсайды. Бірінші машинаның жылдамдығын табыңыз.
C) 80 км/сағ


6. Автокөлік 120 км жолды 60 км/сағ жылдамдықпен, содан кейінгі 120 км жолды 80 км/сағ жылдамдықпе, ал соңғы 150 км жолды 100 км/сағ жылдамдығымен жүріп өтті. Автокөліктің барлық жолдағы орташа жылдамдығын табыңыз.
   D) 78 км/сағ


7. Моторлы қайықтың жылдамдығы 20 км/сағ, ал ағыстың жылдамдығы 2 км/сағ. Моторлы қайық ағысқа қарсы 90 км қашықтықты неше уақытта жүзетінін анықтаңыз.
E) 5 сағ


8. Меншікті жылдамдығы 15 км/сағ-қа тең катер, ағыс бойымен 2 сағат, ағысқа қарсы 3 сағат жүзді. Егер ағыс жылдамдығы 2 км/сағ болса, катердің қанша км қашықтықты жүзгенін анықтаңыз.
   B) 73 км


9. Екі пункттің арақашықтығы 24 км. Моторлы қайықтың меншікті жылдамдығы 10 км/сағ, ал өзен ағысының жылдамдығы 2 км/сағ. Моторлы қайық бірінші пункттен екінші пунктке барып қайтуына неше уақыт жұмсайтынын анықтаңыз.
C) 5 сағ


10. Қайық ағыспен 4 сағат және ағысқа қарсы 3 сағат барлығы 44 км қашықтықты жүзіп өтті. Ағыстың жылдамдығы 2 км/сағ болса, қайықтың меншікті жылдамдығын табыңыз.
D) 6 км/сағ
Made on
Tilda